RU
Назарбаев атқарған жұмысын тексеру үшін Исекешевті қабылдады (фото)
Жаңалықтар Саясат және экономика

Назарбаев атқарған жұмысын тексеру үшін Исекешевті қабылдады (фото)

Рассказать Вконтакте

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевті қабылдады деп хабаралйды Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Исекешов

Назарбаев пен Исекешев. Фото: Ақорда

Кездесуде Қазақстан президентіне елорданың әлеуметтік-экономикалық дамуы және Астананың 20 жылдығын мерекелеуге дайындық барысы жөнінде мәлімделді.

"2017 жылдың қорытындысы бойынша қаланың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші 2 есеге жуық артты. Өнеркәсіп 7 пайызға өсті. Соңғы бес жыл ішінде 46 индустриалдық жоба бір триллион теңге кіріс әкелді", – деді Әсет Исекешев.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаевқа негізгі капиталға тартылған жеке инвестициялар көлемі ұлғайып, есепті кезең ішінде оның үлесі 70 пайыз болғаны туралы баяндалды.

Назарбаев атқарған жұмысын тексеру үшін Исекешовті қабылдады (фото)

Назарбаев атқарған жұмысын тексеру үшін Исекешовті қабылдады (фото)

"Өткен жылы 2,4 миллион шаршы метр тұрғын үй салынып, рекордтық көрсеткішке қол жеткізілген еді. Біз қазір жеке инвесторлар мен ұлттық компаниялар есебінен қаланың төрт ауданында құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатырмыз", – деді Астана қаласының әкімі.

Исекешев мемлекет басшысына елордадағы инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылу барысы мен Астана маңында жаңа жолдар салу жоспары жөнінде мәлімдеді.

Елбасы елордада басқа өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп салынған бірқатар әлеуметтік нысанның құрылысына қатысты жұмыстарды оң бағалады.

Қазақстан президенті кездесу соңында нақты тапсырмалар берді.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір