RU
"Операторлар соғысы": Kcell мен Beeline өздерін масқаралаған әріптестеріне шағым түсірді
Жаңалықтар Қоғам

"Операторлар соғысы": Kcell мен Beeline өздерін масқаралаған әріптестеріне шағым түсірді

Расказать Вконтакте

Tele2 мен Altel түсірген Алматы көшелеріндегі кептеліс ролигі жарияланған соң, Kcell мен Beeline монополияға қарсы комитетке шағым түсірді деп хабарлайды NUR.KZ.

Роликтен скриншот

Роликтен скриншот

Жарнамалық роликте аталмыш мобильді операторлар логотипі жабыстырылған көліктер бос көшеде өте баяу жылжып бара жатады. Соның салдарынан олардың соңынан келе жатқан көліктер кептеліске түседі.

«Kcell» АҚ-ның ресми өкілі Наталья Еськова монополияға қарсы комитетке хат жазып, "желіде пайда болған жарнама ел заңнамасына қайшы келмейді ме?" деген сауал жолдаған.

"Мобайл Телеком-Сервис ЖШС осыған дейін де өздерін жарнамалау үшін ұқсас әрекеттерге барып, әкімшілік жазаға тартылған болатын", - деген Kcell қызметкері видео авторларының өздерін таныту үшін ойлап тапқан жоспарын құптамай отыр.

Beeline брендінің иегері «КаР-Тел» ЖШС аталмыш жарнаманы арандатушылық деп санайды. Сондықтан оған жауап беруді ойламайды екен деп жазады Tengrinews.kz.

"Біз Ішкі істер министрлігіне, телекоммeникация комитеті мен монополияға қарсы комитетке хат дайындап жатырмыз", - дейді Beeline-ның корпоративтік байланыс бойынша директоры Алексей Бендзь.

Сондай-ақ, ол Altel мен Tele2-нің интернет жылдамдығы, байланыс сапасы соншалық жақсы деп санамайтынын айтады.

Ал видео авторы, яғни Tele2 мен Altel өкілдері жарнаманың шындыққа толық жанасатынын айтуда. Олар аталмыш дерекке Астана мен Алматы қалаларында тәуелсіз зерттеу жүргізу арқылы көз жеткізген екен. Егер оған қарсылық танытып, заңбұзушылықты байқағандар болса, сот алдында жауап беруге де дайын көрінеді.

Расказать Вконтакте

Новости партнёров

Сіздің реакцияңыз
8
1
2
0
0
7
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір