Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бұрынғы мәдениет министрі мәжіліс депутаты атанды

Опубликовано:

Қазақстанның орталық сайлау комиссиясы Дархан Мыңбайды парламент мәжілісінің депутаты ретінде тіркеді деп жазады Sputnik Қазақстан агенттігі.

Бұрынғы мәдениет
Бұрынғы мәдениет министрі Дархан Мыңбай: UGC

Дархан Мыңбайға Парламент мәжілісі депутатының куәлігі мен төсбелгісі табысталды.

"Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі" туралы Конституциялық заңға сәйкес сайланған депутат тіркеуден өткен соң өз өкілеттігіне кіріседі.

Дархан Мыңбай - Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданында дүниеге келген. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін журналист мамандығы бойынша, Шымкент университетін экономист мамандығы бойынша бітірген. Техника ғылымдарының кандидаты.

Әр жылдары ОҚО әкімінің орынбасары, Мәдениет және ақпарат вице-министрі, Президент әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, Мәдениет және ақпарат министрі болды.

2013-2017 жылдары Ұлттық мұражайдың директоры қызметін атқарды.

2017 жылдың наурызынан Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары болды.

"Құрмет" орденімен, "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл", "Қазақстан Конституциясына 10 жыл", "Қазақстан Парламентіне 10 жыл" медальдарымен марапатталған.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1716727-bryngy-mdeniet-ministri-mzilis-deputaty-atandy/

pixel