RU
Бозымбаев: Мен әр айтқан сөзім үшін жауап беремін
Жаңалықтар Саясат және экономика

Бозымбаев: Мен әр айтқан сөзім үшін жауап беремін

Рассказать Вконтакте

Энергетика министрлігі құрған жұмыс тобы Қазақстандағы төртінші мұнай өңдеу зауытының құрылысы бойынша Жол картасын дайындайды деп хабарлайды Baq.kz агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Бозымбаев: Мен әр айтқан сөзім үшін жауап беремін

Бозымбаев: Мен әр айтқан сөзім үшін жауап беремін

Министр Қанат Бозымбаев айтып өткендей, жұмыс тобы отандық мұнай өңдеу зауытын жаңғыртудан кейін жанар-жағармай материалдары өндірісінің өсуі ішкі нарықты тек орташа мерзімді кезеңде ғана жабатындығы туралы қорытынды жасаған.

«Тұтынудың болжанған өсуін ескерсек, 2021-2023 жылдар аралығында бензин, 2018-2023 жылдар аралығында дизель отыны, ал 2016 жылдан кейін әуе керосинінің тапшылығы пайда болады. Енді жаңа мұнай өңдеу зауыты құрылысының нұсқаларын пысықтау және әлеуетті инвесторлармен келіссөздер жүргізу шарттары бойынша келесі кезең үшін жаңа жұмыс тобы құрылды. Ол үшін Жол картасы әзірленіп, бейсенбі күні ведомствоаралық комиссияның бекітуіне ұсынуды жоспарлап отырмыз», - дейді Қанат Бозымбаев.

Мұнымен қатар, Энергетика министрі әр сөзі үшін жауап беретінін айтып өтті.

«Министрлік ешуақытта 2018 жылы елді толық бензинмен қамтамасыз ете аламыз деп айтқан емес. Мен «2018 жылдың екінші жартысынан бастап Қазақстан өзін негізгі мұнай өнімдерімен қамтамасыз ете алады» деп қана айттым.

Мұнай зауыты толық модернизацияланып бітпекендіктен, 2018 жылы тапшылық болмауы мүмкін емес. Павлодардағы мұнай өңдеу зауытын модернизациялау жұмыстары аяқталды, Атырау облысында іске қосылайын деп жатыр, ал Шымкентте жылдың екінші жартысында іске қосылады. Осы зауыттар толық модернизацияланып біткен соң ғана Қазақстан өзін 100 пайыз бензинмен қамтамасыз ете алады.

Адамдар «Бозымбаев 2018 жылы былай болады деп айтқан еді» деп жүр... Мен әр сөзім үшін жауап беремін», - деді ол.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
9
1
4
1
2
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel