RU
Елімізде төлқұжатқа адам аты мен тегі латынша жазылатын болды
Жаңалықтар Қоғам

Елімізде төлқұжатқа адам аты мен тегі латынша жазылатын болды

Рассказать Вконтакте

Үш жылдан Қазақстанда жеке куәлік пен төлқұжатқа адам аты мен тегі латынша жазылатын болады. Бұл туралы бүгін жаңа әліпбиге ауысудың ауқымды жоспарын әзірлеген Мәдениет министрлігі маңызды құжатты таныстыру барысында хабарлады деп жазады КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Елімізде төлқұжатқа адам аты мен тегі латынша жазылатын болды

Елімізде төлқұжатқа адам аты мен тегі латынша жазылатын болды

Маңызды құжаттың негізгі бағыттары туралы сөз қозғаған Қазақстанның Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов алдағы жоспарлармен таныстырды.

"2021-2023 жылдарда латын графикасының негізінде мемлекеттік тілде Қазақстан азаматының төлқұжатын, жеке куәлігін және басқа да құжаттарды беруді қамтамасыз ету көзделген. Филологтар мен лингвистерді тарта отырып, семинарлар мен лекциялар, курстар ұйымдастыралатын болады", - деді ол.

Жалпы, құжатта 2025 жылға дейін латын қаріпіне кезең-кезеңмен қалай көшетініміз бүге-шүгесіне дейін қамтылған. Алдымен, мектеп кітаптарын қайта латын әріптерімен басып шығару көзделіп отыр. Мәселен, келесі жылдан бастап кіші сынаптар біртіндеп жаңа графикаға ауыса бастайды. Әрі латын графикасын оқыту орталықтары көбейеді.

Ал, 2024 жылдан бастап жергілікті әкімдіктердің іс-қағаздары мен мемлекеттік басылымдар латынға көшеді. Жалпы, осы қызметтерді ұйымдастырып, іске асыру үшін Үкімет «Тіл қазына» дейтін серіктестік құруды да жоспарлап отыр. Айта кетейік, латынға көшу туралы жарлыққа президент қол қойғанымен, жаңа графиканың соңғы нұсқасы бекітілген жоқ. Оны Ұлттық комиссия жақында жария етуі тиіс.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
5
1
0
4
2
12
6
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір