RU
Павлодарлық дәрігерлер кімді соққыға жықты: Желідегі видеоның мән-жайы анықталды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Павлодарлық дәрігерлер кімді соққыға жықты: Желідегі видеоның мән-жайы анықталды

Рассказать Вконтакте

Павлодарда әлдекімді ұрып жатқан ақхалаттылардың видеосы желіде тарап кеткені белгілі. Желіде елді шулатқан роликтің мән-жайы анықталды. Жедел-жәрдем станциясы қызметкерінің арнайы киімін кигендер дәрігерлер болмай шықты деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Павлодарлық дәрігерлер кімді ұрып тастады: Желідегі видеоның мән-жайы анықталды

Павлодарлық дәрігерлер кімді ұрып тастады: Желідегі видеоның мән-жайы анықталды

Олар жедел-жәрдем станциясы қызметкерінің арнайы киімін кигенімен дәрігерлерге еш қатысы жоқ екен.

Таяқ жеп қалған ер адам медициналық қалдық таситын көлікті тонамақ болыпты. Мұны аңғарған фирма қызметкері оны ұстап, көнбеген соң тіпті тепкінің астына да алған. Куәгерлердің айтуынша, қашып құтылмақ болған бұзақы осы аумақтағы клиникаға жиі келетін арнайы көлікті бұған дейін де тонауға әрекеттенген.

Қазір бұл жайтқа қатысты полицейлер тексеріс бастаған. Ал ғаламторда тарап үлгерген бейнені желі қолданушылары қызу талқылауда. Мән-жайды білмей дәрігерлерді бекер сөгіп жатқан көпшіліктің бұл әрекетіне жедел-жәрдем станциясының жетекшілері де бей-жай қарай алмай отыр. Сондықтан беделдеріне нұқсан келтірген мекемелердің ісімен құзырлы органдар айналысса деп тілейді.

"Анықтағанымыз бұл біздің жедел-жәрдем станциясының қызметкерлері емес болып шықты. Түгел бригадаларды джипиэс бойынша бақылап шықтық.Осы бейне көрініс жазылған уақытта ешқай біздің бригада бұл аумақта мына Камзина, Павлова, Катаев көшесі кварталдарында ешбір бригада болған емес", - дейді жедел-жәрдем станциясы бас дәрігерінің орынбасары Алмаз Мекішев.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
3
1
1
1
5
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel