RU

Қазақстанда ауасы ластанған қалалардың тізімі жасалды

Еліміздегі ауасы ең лас қалалардың тізімі жасалды. Көш басында Қарағанды облысының үш бірдей қаласы тұр деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Еліміздегі ең лас қалалардың тізімінде Қарағанды облысындағы үш бірдей қала көш бастап тұр. Бұлар, жыл он екі ай қара күйенің астында жататын Теміртау қаласы, Қарағандының өзі және Жезқазған.

Ең лас қалалар тізімінде Шымкент, Қаратау мен Өскемен де тұр.

Бұл - мамандардың бір жыл бойы жүргізген зерттеулері. Көрсеткіштер қалалар мен өндіріс орындарының маңындағы жүмыс істеп тұрған 146 арнайы бекеттерден алынған. Сонымен қатар 14 жылжымалы зертхананың да берген ақпараты да есептеліпті.

Қарағанды мен Теміртауда күкірт сутегінің құрамы шамадан асқаны байқалған. Бұл осы қалалардың ортасында орналасқан «Арселор Миттал» метталургиялық комбинатынан шығатын қалдықтар.

Бұл үшін компанияға 600 миллион теңге айыппұл да салынған болатын. Бірақ бұдан өзгерген дүние шамалы. Биыл да Теміртауды жылдағы қара күйе сол бойы басып жатыр.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1716789-kazakstanda-auasy-lastangan-kalalardy-tizimi-zasaldy.html