RU
Танымал қазақ сазгері Қайратты сынға алған Бибігүл Төлегеноваға қарсы шықты
Жаңалықтар Қоғам

Танымал қазақ сазгері Қайратты сынға алған Бибігүл Төлегеноваға қарсы шықты

Рассказать Вконтакте

Кезінде Қайрат Нұртас пен Димаш Құдайбергенді салыстырған Бибігүл Төлегенова: «Қайрат – жер, ал біздің Димаш – көк» деп дүйім жұртты дүрліктірген еді. Бұл дау ел арасында қанша талқыға салынғанымен, қос әнші мардымды жауап бермеген болатын. Алайда, Нұртастың ұлын қаралаған халық әртісіне композитор Қалдыбек Құрманәлі қарсы шығып, NUR.KZ тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында Қайратты қолдайтынын айтты.

Танымал қазақ сазгері Қайратты сынға алған Бибігүл Төлегеноваға қарсы шықты

Танымал қазақ сазгері Қайратты сынға алған Бибігүл Төлегеноваға қарсы шықты

«Қайратқа қатысты Бибігүл Төлегенова айтты ғой. Мен оған қосылмаймын. Қайрат Нұртас менің туысқаным, жекжатым емес. Шешесі менің құдашам емес, әкесі менің нағашым емес. Маған уәде беріп, келмей қалған кезі жоқ. Ата-анасын сыйлаймын.
Қатты араласып кеткенім жоқ. Бірақ Қайратты халық жақсы көреді ғой. Оны жоққа шығара алмаймыз ғой. Көре алмайтындар көп. Оның байығаны, коттедж үй салғаны, келінді 10 жыл көрсетпеуі немесе оның бірнеше миллионға кино түсіріп жатқанын айту - біздің іштарлығымыз, қазақтың қызғаншақтығы», - дейді сазгер.

Сазгер сұхбат барысында Қайрат Нұртастың ұтымды тұстарын да тілге тиек етті.

«Қайрат Нұртасқа риза болатын үш нәрсе бар. Біріншіден, ол ешқашан орысша ән айтқан жоқ. Керісінше орыс әншілерін алып келіп, ақшамен алып келіп жатса да қазақша ән салдырып қойды.

Екіншіден, Қайратты қай кезде, қай жерде көрсең де, ол - Қайрат. Мінезі өзгерген жоқ.

Төреғали Төреәлі сияқты «Бір жеріңді уқалап отырсың ба? Ауа жетпей жатса концертімнен шығып кет. Мен сені шақырған жоқпын» - деп ондай әңгіме айтпайды.

Қайрат ондай мәдениетсіздік танытқан жоқ. Бұл - оның екінші мықтылығы. Ал үшіншіден, ол әлі күнге дейін сол сахнаны ұстап келе жатыр», - дейді композитор.

Сондай-ақ, Қалдыбек Құрманәлі Димаштың да өнеріне тәнті екенін жасырмайды. Бірақ қазақтың маңдайына біткен қос жұлдызды бір-бірімен салыстырмауды сұрайды.

«Бибігүл Төлегенованың өз пікірі бар. Димаштың өз бақыты бар. Димашты да жақсы көремін. Кезінде менің «Кірмеші жиі түсіме» деген әнімді орындады. Димаш құдайдың бере салған баласы өз саласында. Әке-шешесі де әнші.
Ал Қайрат - өз саласында үздік. Екеуін салыстыруға болмайды. Екеуі екі бөлек. Біреуі классикалық тұрғыда қазақтың ғажап дауысын әлемге танытып жатса, екіншісі Қазақстанды Ресейге, алыс-жақын елдерге танытуда.
Мысалы, Өзбекстанға барсам әйгілі «Ялла» тобының әншісі Фарух Закиров Қайратты жақсы көреді. Ол Закиров деген кәсіби әнші ғой. Бұл дегеніміз Қайратты мойындады деген сөз», - дейді Қалдыбек мырза.

Композитордың сөзіне сенсек, ол Қайрат Нұртасты бала кезінен таниды екен. Бірақ жұлдызы көктен жарқыраса да, атаққа мас болмағанын айтады.

«Қайрат Нұртасты балапан кезінен білемін. Республика сарайының қасына анасы Гүлзира келіп тұратын тұғын. Маған қызыл пламастермен телефонын жазып берген. Сол кезде 5-6 сыныпты оқитын бала. Мен "бұл бала жас қой, мектептің бағдарламасын оқып алсын да" дедім. Бірақ 1-2 концертке қатыстырдым.
Содан кейін Республика сарайында ең алғашқы кеші 18 жасында болды ғой. Сол кезде қатысып, соңында мейрамханаға барғанда тілегімді де айтқанмын. Мен Қайратқа тілеулес адаммын. Себебі ол әлі өзгерген жоқ», - деп Қалдыбек Құрманәлі сөзін түйіндеді.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
35
9
11
9
14
197
11
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір