RU
Ернар Айдар "келіншегін ата-анасы таңдап берген" дегендерге жауап берді
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Ернар Айдар "келіншегін ата-анасы таңдап берген" дегендерге жауап берді

Рассказать Вконтакте

Жеке өміріне, қолына қондырған құсына қатысты сұхбат жасамайтын Ернар Айдар ел көкейінде жүрген сұрақтарға жауап берді деп хабарлайды «Кездер-ай» бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ернар Айдар жары Мәдинамен. Фото: Интернет

Ернар Айдар жары Мәдинамен. Фото: Интернет

Әншінің жары Мәдина алдымен ата-енесінің көңілінен шығыпты.

«Сүйікті жарын ата-анасы таңдап беріпті деп айтып жатыр. Жалпы жар таңдау – өмірлік сауда. Сен жар таңдайсың. Онымен мәңгілік бірге боласың.
Мен үшін ата-анам ең ақылды жандар. Ал ата-ана өз баласына жамандық істей қоймайды деген ойдамын. Бәрі ойдағыдай, көңілімнен шығады», – деді Ернар Айдар.
Ернар Айдар ата-анасымен. Фото: Интернет

Ернар Айдар ата-анасымен. Фото: Интернет

Әнші «сүйем» деп әлемге жария қылғысы келмейтінін де ескерте кетті. Ол жарына қатысты аз ғана мәлімет айтты.

Ернар Айдардың айтуынша, келіншегі тіл маманы. Төрт бірдей тілге жүйрік Мәдина әншіге ағылшынша әндерді орындауды үйретеді екен.

«Менің де әкем түзде жұмыс жасады. Екі аптадан кейін келгенде анаммен бет сүйістіріп амандасқанын көрмедім. Бұл оларда махаббат жоқ деген әңгіме емес. Нағыз махаббат сондай болу керек депойлаймын. Сондықтан «сүйем» деп жария қылып айта бергім келмейді. Осымен нүктесін қояйық.
Жарыма деген жылы сөздерімді, сыйластығымды өзіне ғана көрсетемін. Өзіне ғана айтамын. Оның да қалауы осы. Бірақ,бақыттымын, шүкір! Ел қорланып жүр деп ойлап қалмасын», – деп сөзін қорытындылады Ернар Айдар.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
2
9
3
2
29
9
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel