RU

Атышулы Баян Мақсатқызы желіде танымал болдың жолдарын үйрете бастады (видео)

Баян Мақсатқызы танымал вайнерлер «Yuframe»-мен қосылып «Инста-чикса» вайнын түсіріп, оқырмандарын күлкіге қарық қылды деп хабарлайды NUR.KZ.

Баян Мақсатқызы. Фото: Instagram
Баян Мақсатқызы. Фото: Instagram: UGC
Бір минуттың вайнда Баян Мақсатқызы еліміздегі ең танымал «Инста-чикса» ретінде екі аруға суретке қалай керемет түсудің жолдарын үйретеді. Сондай-ақ видеода «Инстаграм не үшін керек» деген сауал қойып, «Тамақ тек суретке түсіру үшін» деген секілді әзілдер айтылады.

Ал видеоны тамашалағандар Баян Мақсатқызын бұрын қатал бейнеде көргендерін, қазір қарапайым, көңілді әйел екенін ұққандарын мойындап жатты.

Продюсердің өзі видеоны Instagram парақшасына жүктеп, «Достарыңды белгіле» деген жазба қалдырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1716864-atysuly-baan-maksatkyzy-zelide-tanymal-boldy-zoldaryn-jrete-bastady-video.html