Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Еркек" болып шыққан көпбалалы әйел аналық құқығынан айырылып қалды

Опубликовано:

Екатеринбургте сот омырауын алдырып тастаған көпбалалы ана Юлия Савиновскихті "еркек" деп танып, асырап алған балаларын тарып алды деп хабарлайды РИА Новостиге сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: ria.ru
Фото: ria.ru: UGC

Сот үкіміне себеп болған - оның бір жынысты адаммен отбасын құруы дейді. Ал Ресейде бір жыныстылардың үйленуіне рұқсат жоқ екен.

Юлия Савиновских пен оның күйеуінде төрт бала бар. Екеуін өзі босанған, ал екеуі асырап алынған. Ал Юлияның алғашқы жолдасынан туған бір қызы қазір ата-анасынан бөлек тұрады екен. Юлия төсін алдырып тастағаннан кейін ол асырап алған балаларды қамқоршы ұйым тартып алған.

Юлияның өзі көкірегі тым үлкен болғандықтан, оның жұмысына кедергі келтіргенін айтады. Сол үшін ота жасау туралы шешім қабылдапты.

Оның асырап алған балаларын сот қыркүйек айында тартып алған. Сот мәліметтері бойынша, Юлия бала асырауға болмайтын дертке шалддыққан. Ал Юлияның қорғаушысы болса, оның ешқандай аурумен ауырмайтынын айтуда.

Осыдан кейін әйел балаларын қайтарып алу бойынша бірнеше рет сотқа қайта өтініш жазып та көрген. Алайда оның барлығы нәтижесіз болыпты. Тіпті билік органдарының өзі оған ешқандай көмек бере алмаған.

Осы жылдың қаңтар айында Юлия телевизиялық бағдарламаға қатысып, өзінің трансгендерлермен қалай жұмыс істегенін айтып берген. Сондай-ақ интернетте ер азаматтың атымен трансгендерлер туралы блог жүргізеді екен.

осыған қарамастан, Юлия өзінің әйел екендігіне сотты сендіре алмай әлектенуде. Ол күйеуімен бірге сот шешіміне қарсы тағы да арызданбақшы. Айтуынша, Юлия құжат бойынша, тіпті жеке куәлігінде де әйел деп көрсетілген. Ол күйеуінің атынан ақша табу үшін блог жазып отырдым деп ақталуда.

Савиновских отбасында үйдегі кішкентайлардың барлығы Юлияны ана деп атайиынын айтуда.

"Менің тұңғыш қызым жақында 18 жасқа толады. Егер мені ер азамат ретінде қабылдағанын қаласам, алдымен сол қызымнан бастайтын едім", - деп ақтарылды. Ол әрмен қарай тәнін өзгертуді жоспарламайды екен.

"Мен өзіме еркектер гармонын салып, фаллопластиканы жасатуды тіпті ойламаймын", - дейді Юлия.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1716915-erkek-bolyp-sykkan-kpbalaly-jel-analyk-kkygynan-ajyrylyp-kaldy/

pixel