RU
Өскеменде күзетшінің овчарка итін жеп қойған тұрғын сот алдына келді
Жаңалықтар Қоғам

Өскеменде күзетшінің овчарка итін жеп қойған тұрғын сот алдына келді

Рассказать Вконтакте

Өскемен тұрғыны саяжай кооперативіндегі күзетшінің итін ұрлап кетіп, жеп қойғаны үшін сотталып кетті деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі фото: goodfon.ru

Көрнекі фото: goodfon.ru

Өткен жылдың желтоқсан айында күзетшінің иті жоғалып кетеді. Бірнеше күн өткен соң ол үй жануарының қалдық сүйектерін жақын маңдағы үй жанынан тауып алады.

Осыдан кейін үй тұрғыны овчарканы шынында өзі жеп қойғанын мойындаған. Күзетші оған иттің өтемі ретінде 30 мың теңге төлеуді талап еткен. Алайда ақшаны бермей қойған соң, тәртіп сақшыларына хабар беріпті.

Азамат сот отырысында өзінің кінәсін толық мойындады.

"Азаматтың кінәсі тек өзінің мойындауымен ғана нақтыланған жоқ. Оған қоса күдіктінің үйінің ауласынан қоңыр түсті иттің сүйектері мен бас сүйегі табылды.

Сот айыпталушыны Қылмыстық кодекстің "Ұрлық" бабы бойынша кінәлі деп тапты", - дейді №2 Өскемен соты қызметкерлері.

Азаматқа екі жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
1
2
2
2
3
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel