Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматылық тұрғын әйелінің бүйрегін 4 млн теңгеге сатып жібермек болған

Опубликовано:

Танымал қазақстандық адвокат Джохар Өтебеков Алматыдағы бүйрек донорының өліміне қатысты қылмыстық іштің мән-жайын ашты. Жантүршігерлік жайт туралы ол өзінің Facebook парақшасында жазды деп хабарлайды NUR.KZ.

почка
почка: UGC

Адвокаттың айтуынша, іс материалдарынан марқұм бүйрегін сату туралы ұсынысты өз әйеліне ұсынған екен. Одан түскен ақшаны ол қарыздарынан құтылып, автокөлік алуға жұмсамақ болғанын айтады.

"2016 жылы Интернетте хабарлама тараттық. Көп ұзамай бір әйел хабарласқан. 4 млн теңгеге келістік. Астанаға талдау жасау үшін бардық. Бүйрек сәйкес келетін болып шықты. Әйел ота жасату үшін Астанаға қайта кетеді. Алайда оның аяғы ауыр екені анықталған. Сондықтан ота жасалмады", - деп жазды ол.

Дәл осы кезде оның күйеуі өзі донор болуға шешкен. Ол бүйрегін 10 000 долларға сатуға келіскен. Адвокаттың айтуынша, ол да бүйрек сатып алам деушіні интернеттен тапқан.

Осы мәселег қатысты адвокат өз пікірін айтып, Қазақстанда ағза мүшелерінің трансплантациясы туралы наразылығын жеткізді. Осыған орай ол Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Елжан Біртановтың бұл жайтқа назар аударуды сұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1716991-almatylyk-trgyn-jelini-bjregin-4-mln-tegege-satyp-zibermek-bolgan/

pixel