Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұрғашы қасқырдың жыныс мүшесін 400 мың теңгеге сататындар елді таңғалдырды

Опубликовано:

Желіде қасқыр ұрғашысының жыныс мүшесін 400 мың теңгеге сатылатын туралы ақпарат пайда болды. Шымкент базарларында бұл туралы бұрыннан білетін саудагерлердің айтуынша, бұл сауданың көркі қызып тұр деп хабарлайды "Замана" газетіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ұрғашы қасқырдың жыныс мүшесін 400 мың теңгеге сататындар елді таңғалдырды
Ұрғашы қасқырдың жыныс мүшесін 400 мың теңгеге сататындар елді таңғалдырды: UGC

Таяуда әлеу­меттік желіде бір азамат қасқыр ұрғашысының (оны құртқа немесе шулан деп те атайды) жыныс мүшесінен жасалған тұмарды 400 мың тең­ге­ге сататыны туралы жазды.

Шымкент­тегі «Жабық базар» мен Қырғы базарындағы саудагерлер бұл жайт турады бұрыннан білетін болып шыққан. Дегенмен жаппай сұранысқа ие болмағандықтан оны қайдан, кімнен алуға болатыны туралы білмейтінін айтты. «Жабық базардағы» саудагерлердің бірі оны досы әлгі затты 5 мың теңгеге сататынын айтқан.

Ал Қырғы базардағы саудагер әйелдің айтуынша, онда ондай ондай заттың бес-алтауы бар екен. Кептірілген мүшелерді жарты литрлік банкаға салып қойыпты. «3 мың теңгеден беремін», – дейді.

Ол кісінің айтуынша, мұндай затты көбіне сығандар сатады екен. «Жол ашады», «қауіп-қатерден қор­ғайды», «сауда жолын ашады» деп өткізетін көрінеді. Ал бұл кісілер олардан «тауарды» үстінен пайда көру үшін сатып алады. Яғни мұндай та­уарды сатып алушылар жоқ емес.

Ал елді емдеп жүрген тәуіп апаның айтуынша, ұрғашы қасқырдың жыныс мүшесін кәдеге жаратушылар көп.

"Қаншық қасқырдың қынабының шипалық қасиеті көп екен. Оны бала көтере алмай жүрген әйелдер мен белі әлсіз еркектер бойында алып жүрсе, бала сүйеді, қуаттанады. Ол ерлер мен әйелдерге тән көптеген дерттерді жояды. Одан жасалған тұмарды тағып жүрген еркек әйелдерге өтімді болады. Тек сырын білетін адамға ғана оқытып алу керек.

Оны отбасын тастап кеткен немесе басқа әйелге барып жүрген еркекті кері қайтару үшін де қолданады. Күйеуін қайтарғысы келетін әйел қаншық қасқырдың жыныс мү­ше­сінен тұмар жасатып, киімінің бір жерінде сақтауы керек.

Қаншық қасқырдың жыныс мүше­сінен құмар ойынмен айналысатындар да тұмар жасатып алады екен. Сонда қолдары жақсы жүреді дейді. Жалпы, оны жолы ашық болуы үшін көп қолданады деп естідім", - дейді ол.

«Бір аңшы таныстарымнан естідім. Ұрғашы қасқыр өзіне өлім қаупі төн­ген ақырғы сәтте өзінің жыныс мүше­сін жұлмалап, іске алғысыз етіп тастайды, саған да, маған да жоқ болсын деген серті бар екен», – дейді тәуіп.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1717007-rgasy-kaskyrdy-zynys-msesin-400-my-tegege-satatyndar-eldi-tagaldyrdy/

pixel