RU

Шымкенттің сұлулық байқауында жеңіп шыққан жігіт өзін қызтеке дегендерге жауап берді

Арина Алиева бүркеншік есімімен Шымкенттің сұлулық байқауында топ жарған Илай Дягилев өзін қызтеке дегендерге жауап берді деп хабарлайды Tengrinews-тің «TheЭфир» бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ

Илай Дягилев. Фото: Glob-news.ru
Илай Дягилев. Фото: Glob-news.ru: UGC

Илай өзінің қызтеке емес екенін айтты. Ол қазіргі қыздардың сыртқы келбетке ғана тәуелді болып, ішкі жан-дүниеге ешкімнің назар аудармайтыны үшін, сүйген аруы жоқ екенін айтты.

«Қазір Instagram парақшасын ашып қалсаң, барлық қыздардың түрі бірдей. Қастары, еріндері, кеуделері мен бөкселерін қолдан жасап алған. Одан қалды фотошопты қосыңыз. Бір қызды көресіз де ойлайсыз, мынау «керемет, мінсіз ару» деп. Бірақ, ол қызбен кездесіп, аузынан шыққан сөзін естісеңіз, тек сырт келбетке ғана сенетінін білесіз», - деген Илай, косметика мен оталардың арқасында тіпті ер адам да сұлу бола алатынын дәлелдегісі келген.
Илай Дягилев. Фото: stan.kz
Илай Дягилев. Фото: stan.kz: UGC

Достарымен бәстескен Илай, Арина есімді сұлу бойжеткеннің келбетін 2 сағатта жасап шығарған. Одан кейін фотосессия жасап, суреттерді фотошоппен әдемілеген.

«Маған 400-ге жуық жігіт хат жолдап, кездескісі келді. Тұрмысқа шығуға да ұсыныс білдіргендер де болды. «Міне, менің дәлелдегім келгені де осы. Біз қазір тек қана сырт келбетке тәуелдіміз. Сырты жылтыр адамның ішін ешкім білмейді. Оған назар аудармайды да. Менің еркек екенімді ешкім білмеді. Тек сыртыма қызықты», - деп сөзін қорытындылады Илай Дягилев.

Айта кетейік, осы оқиғадан соң сыртқы келбетінен ұялатын қыздар Илайға хат жазып, алғысын айтқан. Олар «өмір бойы түрімнен ұялатын едім. Сіз маған сенімділік сыйладыңыз» деп, хаттар жолдаған.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1717023-symkentti-slulyk-bajkauynda-zeip-sykkan-zigit-zin-kyzteke-degenderge-zauap-berdi.html