RU

Әйгілі үнді актері Митхун Чакраборти Шымкентке келе жатыр

Әлемге танымал актер Митхун Чакраборти түсірілім жұмыстарымен Шымкентке ат басын тірейді деп хабарлайды ТVK арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Митхун Чакраборти. Фото: Кино-Театр.РУ
Митхун Чакраборти. Фото: Кино-Театр.РУ: UGC
«Сәуір айында ауқымды үнді фильмін түсіреміз. Бұл түсірілімге атақты Митхун Чакраборти да қатысады. Болашақта түсірілім жұмыстары біткен соң, фильмнің тақтайшасында Шымкентте түсірілген деген жазу міндетті түрде көрініп тұрады», - деді Евразиялық кинофестивальдің директоры Мира Қарсақпаева.

Тағы бір айта кететіні, жақын арада Лондонға қарасты Дакорум ауданында қазақстандық режиссерлердің қатысуымен кинофестиваль өтеді. Қарсақпаеваның айтуынша, жобаға 2016 жылдан бастап бүгінге дейін түсірілген толықметражды фильмнің барлығы қатыса алады.

«Бізде іріктеу 15 наурызда басталып маусымға дейін жалғасады. Бізді Дакорумның мэрі Дэвид Коллинздің өзі қолдап отыр», - деді фестиваль директоры.

Ал бұл кештің құрметті қонағы Бред Питт болмақ.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1717030-jgili-ndi-akteri-mithun-cakraborti-symkentke-kele-zatyr.html