Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тамара Асардың қолынан шай ішкен астаналықтар құрт-ірімшікке қарық болды (фото)

Опубликовано:

Белгілі әнші елордалықтарға маңғыстаулық тәтті-дәмділерден дәм татқызып, самаурыннан шай құйып, таң қалдырды деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Тамара Асар астаналықтарға маңғыстаулық құрт-ірімшікпен шай ішкізіп, таң қалдырды
Тамара Асар астаналықтарға маңғыстаулық құрт-ірімшікпен шай ішкізіп, таң қалдырды: UGC

Кеше Астанада өткен «Wedding EXPO show» көрмесіне белгілі әнші Тамара Асар да қатысты. Ол өзінің әйгілі самаурындарынан қонақтарға шай құйып, Маңғыстау өңірінің дәмі тіл үйірер құрт-ірімшіктерінің дәмін татқызды. Әнші, сондай-ақ, самаурын шығару бизнесін қалай қолға алғанын айтып берді.

«Самаурынды әкем бірлік пен ынтымақтың, молшылықтың белгісі дейтін, егер үйде самаурын болса, онда ол отбасында береке де болады деп отыратын. Сосын, бәріңіз білесіздер, мен қатты сыртқаттанғанда, тіпті, тамақ ішуден қалғанмын. Сол кезде, түсіме самаурыннан шай ішіп отырғаным кірген, түсімдегі самаурынның бір жағында менің суретім тұрса, екінші жағына өзім гүл салып отыр екенмін. Әлгі түстен кейін, шешеме, «маған самаурыннан шай құйып берші» дедім. Содан бастап, самаурынға деген құрметім ерекше, тәбетім ашылып, одан шай ішсем, бір рахаттанып қаламын, яғни, содан жазылғандай әсерде болдым»,-деп ағынан жарылды белгілі әнші.
Тамара Асардың қолынан шай ішкен астаналықтар маңғыстаулық құрт-ірімшікке қарық болды
Тамара Асардың қолынан шай ішкен астаналықтар маңғыстаулық құрт-ірімшікке қарық болды: UGC

Танамыл әнші, тіпті, самаурын сыртындағы суреттерді өзі салатынын айтып, таң қалдырды.

«Самаурынға сурет салу өнерін арнайы оқыдым, үйрендім. Қазақта жез құман, сары самаурын бар да, ал оюлысы жоқ. Менің қазіргі арманым – оюлы, арнайы «анама, келініме» деген атпен самаурындар шығару болып отыр. Шыны керек, бұл кәсіпті бизнеске айналдырамын деп ойламаған едім, тіпті, қандай да маркетингтік жоспар да құрған емеспін. Кейін, тапсырыс түсіп, сатып алушылар көбейгеннен кейін ғана, самаурын шығару ісіне бизнес ретінде қарай бастадым»,-деді өнер иесі.
Тамара Асардың қолынан шай ішкен астаналықтар маңғыстаулық құрт-ірімшікке қарық болды
Тамара Асардың қолынан шай ішкен астаналықтар маңғыстаулық құрт-ірімшікке қарық болды: UGC

Әнші, самаурын бағаларына да тоқталып өтті. «Қола, жез самаурындар бар, бағалары 150 мыңнан жоғары. Ыдыстарды жасауға қажет барлық бұйымдар Ресейден әкелінеді, бояулары да қымбат, сондай-ақ, қолдан жасалғандықтан, бағасы сол бетінше қала белмек, 150-ден төмен түсе алмаймыз»,-деп ағынан жарылды әнші.

Салтанатты шара барысында, өнер иесі ән шырқап қана қоймай, өз самаурындарынан шай демдеп, меймандарға шай таратты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1717054-tamara-asardy-kolynan-saj-isken-astanalyktar-krt-irimsikke-karyk-boldy-foto/

pixel