RU
Ел болып сабыла іздеген алматылық жігіт Ақтөбеден табылды
Жаңалықтар Қоғам

Ел болып сабыла іздеген алматылық жігіт Ақтөбеден табылды

Рассказать Вконтакте

6 ақпан күні жоғалып кетіп, Ақтөбеден табылған Темірхан Иман-Зұппан Айтуғанұлының әпкесі болған жайттың анық-қанығын түсіндіріп берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Ел болып жабыла іздеген алматылық жігіт Ақтөбеден табылды

Ел болып жабыла іздеген алматылық жігіт Ақтөбеден табылды

Баян Сеитова інісін такси жүргізуші Ақтөбе маңынан тауып алып, қалалық ІІД бөлімшесіне апарғанын айтты. Сөздерінше, елдің екінші шетіне қалай жеткенін Темірханның өзі де білмейді екен.

23 жастағы жігітті сырт киімінсіз тапқан. Қазір тексерістен өтіп жатқан оған психологтармен жұмыс жасау - болған оқиғаларды есіне түсіруге көмектесуі мүмкін.

«Ол біреу-міреуден қашқан болуы мүмкін. Бірақ денесінде не бет-әлпетінде соққының іздері жоқ. Бірақ ол денесінің барлық жері ауырып, басы айналатынын айтқан. Інім ешкіммен сөйлескісі келмейді. Қазір ол үйде, ата-анаммен бірге. Әзірге жұмыс істемейді», - дейді Баян.

Естеріңізге сала кетейік, зергерлік дүкенде дұмыс істейтін жас жігіт 6 ақпанда жоғалып кеткен. Соңғы рет Алматыда Саин мен Райымбек көшелерінің қиылысында жүрген оның қазақ-қырғыз шекарасын кесіп өткені белгілі болды.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Сіздің реакцияңыз
2
3
4
6
15
15
8
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel