RU
Павлодар облысында автокөлік пойызбен соқтығысып қалды (фото)
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Павлодар облысында автокөлік пойызбен соқтығысып қалды (фото)

Рассказать Вконтакте

Павлодар облысындағы Шарбақты ауылының айналма жолында «Лада 21941» автомобилі пойызбен соқтығысты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: pavon.kz

Фото: pavon.kz

Облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінің мәліметінше, «Лада 21941» автокөлігі Шарбақты ауылының айналма жолында келе жатып, «Тоқтаусыз жол жүруге тыйым салынған» жол белгісін өрескел бұзып өткен.

"Өтпе жол арқылы жол жүруге тыйым салған семафордың қызыл түсіне мән берместен әрі қарай жүре берген. Нәтижесінде жүк пойызымен соқтығысқан. Көлік жүргізушісі мен автокөлікте болған үш адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Оның ішінде 36 жастағы ер адам алған жарақаттарынан ауруханада көз жұмды", - деді департаментте.

Аталмыш факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы, 3-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір