RU

Түн ортасында болған жер сілкінісі туралы мамандар не дейді?

БҒМ «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі Алматы қаласында кешк түнде ақпан айына осымен екінші рет орын алған жер сілкінісін тіркеді деп хабарлайды NUR.KZ.

Алматыда тағы да жер сілкінісі болды
Алматыда тағы да жер сілкінісі болды: UGC

Табиғи апат кеше Астана уақытымен 23 сағат 38 минут 12 секундта тіркелген. Зілзала ошағы Тлендиев көшесінің "АДК"ойын-сауық орталығы маңайында сезілген.

«Жер сілкінісінің энергетикалық санаты - 7.2. MPV магнитудасы - 3.8. Тереңдігі - 5 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы мәліметтер: Алматы қаласында - 2 балл», - делінген «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ хабарламасында.

Полиция қызметкерлері жер сілкінісінен зардап шеккен адамдар немесе қираған ғимараттар жоқ деп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1717199-tn-ortasynda-bolgan-zer-silkinisi-turaly-mamandar-ne-dejdi.html