RU
7 минутта үш гол: "Астана" командасы қарсыластарына есе жіберіп қойды
Жаңалықтар Қоғам

7 минутта үш гол: "Астана" командасы қарсыластарына есе жіберіп қойды

Рассказать Вконтакте

Футболдан Еуропа лигасының 1/16 финалындағы "Спортингке" қарсы бірінші ойында "Астана" қарсыластарына есе жіберді. "Астана Аренада" өткен ойында қонақтар 3:1 есебімен басымдығын танытып кетті деп жазады Vesti.kz.

7 минутта үш гол: "Астана" командасы қарсыластарына есе жіберіп қойды

7 минутта үш гол: "Астана" командасы қарсыластарына есе жіберіп қойды

Станимир Стойлов шәкірттері бірінші таймда лиссабондық клубты ұтып-ақ шықты. 7 минутта Игорь Шитовтың тамаша пасынан кейін Марин Томасов есеп ашты.

Ойынның бірінші таймы аяқталар тұста "Спортинг" сапынан Сейду Думбия, "Астанадан" Марин Аничич гол соққан. Екі сәтте де футболшылардың соққан голы есепке алынбады. Қапталдағы төреші ойыннан тыс қалғанын көрсетті.

7 минутта үш гол: "Астана" командасы қарсыластарына есе жіберіп қойды

7 минутта үш гол: "Астана" командасы қарсыластарына есе жіберіп қойды

Екінші тайм "Астана" ойыншылары үшін сәтсіз болды. Бар-жоғы 7 минут ішінде өз қақпаларына үш гол соқтырып алды.

Алдымен 48 минутта Бруно Фернандеш пенальтиден таразы басын теңестірді.

7 минутта үш гол: "Астана" командасы қарсыластарына есе жіберіп қойды

7 минутта үш гол: "Астана" командасы қарсыластарына есе жіберіп қойды

Бұл тұста Юрий Логвиненко қолмен ойнағаны үшін сары қағаз алды. Араға 2 минут сала Желсон Мартинш португалдық ұжымды есепте алға шығарды. Ал 56 минутта Сейду Думбия өз командасының ойындағы үшінші голын соқты.

7 минутта үш гол: "Астана" командасы қарсыластарына есе жіберіп қойды

7 минутта үш гол: "Астана" командасы қарсыластарына есе жіберіп қойды

62 минутта Юрий Логвиненко екінші сары қағазын алып, "Астананы" 10 ойыншымен қалдырды. Ойын есебі сақталып, "Спортинг" алғашқы ойында жеңіске жетті. Қарымта кездесу бір аптадан кейін Лиссабонда өтеді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
1
1
0
1
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір