RU
Исекешев жұмыссыз қалған "Абу Даби Плаза" құрылысшыларына көмектеспекші
Жаңалықтар Қоғам

Исекешев жұмыссыз қалған "Абу Даби Плаза" құрылысшыларына көмектеспекші

Рассказать Вконтакте

Астанада "Абу Даби Плаза" жұмысшыларын еңбекке орналастыру бойынша кешенді жоспар әзірленіп жатыр. Қала әкімі Әсет Исекешев Астана қалалық "Нұр Отан" партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасарының төрағалығымен аранйы жұмыс тобын құрды деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Астана әкімдігі

Мердігер құрылыс компания басшыларымен, жұмыстан шыққан қызметкерлермен кездесу барысында Қазақстан заңына сәйкес еңбек келісімшартына, басқа да қажетті құжаттар мен жұмыс кестесіне жіктеп-жіктеп талдау жасады.

Қаралған материалдардан жұмысшылардың "Arabtec Consolidated Contractors Limited" компаниясының филиалымен еңбек қатынасына тұрмағандығы, ал "Абу Даби Плаза" нысаны құрылысының жұмысын бұрынғы айтылған субмердігер мекеменің жұмысшылары ретінде атқарған.

Жұмыс тобының қатысушылары өз компетенцияларының шеңберінде шиеленіскен ахуалдың жағдайы мен салдарын қарай келе, нысанның құрылысын аяқтауға байланысты нысандағы жұмыс көлемін жоспарлы түрде қысқартқан, Еңбек Кодексінің 49 бап, 2 тармағына сәйкес (еңбек шартының мерзімі өтіп кеткен) және 51 баптың 3 тармағындағы (еңбек шартының көрсетілген күні өтіп кеткен, бұл жұмыстың біткен күні), жұмыс берушілер жазбаша түрде алда жұмыстан босату туралы хат жіберіп, ақшалай өтемақы қарастырылмағанын айтуы себеп болған деген тұжырымға келді.

Одан басқа жұмысшыларды еңбекке орналастыру мақсатында 10 ақпанда Астана қалалық "Нұр Отан" партиясының филиалында Астанадағы құрылыс компанияларының басшыларын шақырып бос орындарға жәрмеңке өткізді.

Жәрмеңке нәтижесінде бос орынға 51 адам жұмыс берушілерге өтініш қалдырды. Ал "Абу Даби Плаза" нысанындағы құрылыс-монтаж жұмыстарын аяқтау шараларына қатысты субмердігер мекемелер жұмыс орнын жоспарлы түрде азайтпақ. Осыған байланысты жұмыс тобы жұмыстан босап қалғандарды еңбекке орналастыру бойынша кешенді жоспар әзірлеуде.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
4
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір