RU

Өзін өлтірмек болған елесті суретке түсірген жігіт жаға ұстатты (фото)

Нью-Йорк тұрғыны Адам Элисті өз үйінде кішкентай бала кейпіндегі елес қорқытып, өлтірмек болады. Жігіт құбыжықты суретке түсіріп алыпты деп хабарлайды Lemurov.net сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: lemurov.net
Фото: lemurov.net: UGC

Бұрынырақ Адам бұл елесті тек түсінде көріп жүріпті. Ол ұйықтап жатып, қорқыныштан аяқ-қолы істемей қалады екен.

Уақыт өте келе ол көріп жүрген нәрсесінің жай ғана елес еместігін түсінеді. Себебі үйдегі жасырын камералар бос бөлме ішіндегі заттардың өздігінен қимылдап, мысықтар қорқыныштан тығыла бастағанын түсіріп алған.

Өзінің қорқынышымен әлеуметтік желіде бөліскен Адамға басқа да достары ұқсас жайтты бастан кешкендерін жазыпты.

Адамның айтуынша, елес сияқты жаратылыс оны үш ай бойы өлтірмек болыпты. Бір күні ол ұйықтап жатып, біреудің айқайынан оянып кетеді. Көзін ашқанда жанындағы үстелге отырып алған Девид айқайлап оны қорқытып жатыр екен.

Өзін өлтірмек болған елесті суретке түсірген жігіт жаға ұстатты (фото)
Өзін өлтірмек болған елесті суретке түсірген жігіт жаға ұстатты (фото): UGC

Қолдарын әзер қозғалтқан Адам телефонды алып, әлгі құбыжықты суретке түсіреді. Әрмен қарай не болғаны есінде қалмапты.Ал ертеңіне таңертең оянып, болған жайды есіне түсіреді. Телефонын ашып қараса, әлгі суреттер сақталып қалыпты.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1717268-zin-ltirmek-bolgan-elesti-suretke-tsirgen-zigit-zaga-statty-foto.html