RU
Атышулы бизнесмен Тоқмәди сотта өз қылмысын толықтай мойындады
Жаңалықтар Қоғам

Атышулы бизнесмен Тоқмәди сотта өз қылмысын толықтай мойындады

Рассказать Вконтакте

Танымал бизнесмен Мұратхан Тоқмәди 2004 жылы банкир Ержан Тәтiшевтi өлтiргенiн мойындады. Ол сот алдында жауап берiп, жасаған iсiне өкiнетiнен де айтты деп хабарлайды Baq.kz агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Атышулы бизнесмен Тоқмәди сотта өз қылмысын толықтай мойындады

Атышулы бизнесмен Тоқмәди сотта өз қылмысын толықтай мойындады

Бүгiн Жамбыл облысы бойынша қылмыстық iстер жөнiндегi мамандандырылған ауданаралық сотта судья Азамат Тiлепов Тоқмәди iсiн қарады.

Бизнесмен 1997 жылғы редакциядағы Қылмыстық кодекстің 96 бабы 2 тармағының "ж", "з" пунктерi (алдын ала келiсiп, топпен қасақана адам өлтiру) бойынша айыпталып отыр.

«Иә, мен кiнәмдi мойындаймын. Жасаған iсiме өкiнемiн», - дедi Тоқмәди.

Мұратхан Тоқмәди өз әрекеттерiне оның отбасына Мұхтар Әбләзов тарапынан жасалған қоқан-лоққы мен ақшалай сыйақы ықпал еткенiн айтты.

Сондай-ақ, жақындары үшiн қорыққанын жеткiздi.

«Ол (Әбләзов - авт.) қоқан-лоққы көрсеттi. Отбасым бұл қысымнан қорықты» - дедi Тоқмәди.

Бизнесмен Мұхтар Әбләзовтен Ержан Тәтiшевтi өлтiру үшiн 2 траншпен 4 млн доллар көлемiнде сыйақы алғанын да жасырмады.

Бұл қаржы 2004 және 2005 жылдары аударылған.

Еске сала кетсек, 2017 жылғы 12 маусымда Алматыдағы арнайы операция барысында «ҚазСтройСтекло» ЖШС бас директорының кеңесшiсi Мұратхан Тоқмәди ұсталды.

Бизнесмен «Iрi көлемдегi мүлiкке ие болу мақсатында бопсалау» бабы бойынша қылмыс жасады деген күдiкпен құрықталды. Ол 2005 жылы «Семурюжком» және «Казстройстекло» ЖШС тең құрылтайшысына қоқан-лоққы көрсетiп, ақша бопсалап, кәсiпкерлердiң жарғылық қорының үлестерiн иемденген.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
2
2
6
1
6
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel