RU
Белгілі сазгер той әншілерін сахнаға шығармауды ұсынды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Белгілі сазгер той әншілерін сахнаға шығармауды ұсынды

Рассказать Вконтакте

Белгілі композитор топырлаған той әншілері сахнаның сәнін кетірді деген пікірде. Ол мейрамханада ән салатындар мен киелі сахнаға шығатын әншілерді саралайтын көркемдік кеңес құру керектігін айтты деп хабарлайды «НТК» арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Қалдыбек Құрманәлі. Фото: Stan.kz

Қалдыбек Құрманәлі. Фото: Stan.kz
Source: UGC

«Сахнаны неге киелі дейді? Бұған адам алдын - ала билет алады, киімін дайындайды. Өзін психологиялық тұрғыдан дайындайды. Гүлін алады. Дайындалып келіп, сені періштедей, құдайдай көріп, кешіңе қатысады. Ал, тойда отырсаң біреуі темекісін шегіп келіп жатыр. Біреуі тамағын жеп отыр. Біреуі ватсапқа түсіріп, суретін жіберіп жатыр. Ол саған деген құрмет емес», - дейді Қалдыбек Құрманәлі.

Сондай-ақ ол әншілердің сахна мен тойды шатастырып алатынын айтты.

«Концертте де отырған көрермен ол да тойға барады. Тойға барған көрермен оның да концертке баруы мүмкін. «Олар өздерін алдағысы келеді. Онда халық отыр ғой дейді. Айналайын, түрмеге барып ән айтсаңшы, саунаға барып ән айт.. Онда да халық отыр ғой», - деп әншілерге қатысты пікір білдірді сазгер.

Сіздің реакцияңыз
2
4
2
2
8
52
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel