RU
25 жыл бойы жүзін гриммен жасырған тележүргізуші шынайы келбетін көрсетті (фото)
Жаңалықтар Калейдоскоп

25 жыл бойы жүзін гриммен жасырған тележүргізуші шынайы келбетін көрсетті (фото)

Рассказать Вконтакте

Америкалық тележүргізуші терісі өзгеріске ұшырағанын жасыру үшін 25 жыл бойы гримнің көмегіне жүгініп келген. Бұл туралы NUR.KZ порталы Мир 24 сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

25 жыл бойы жүзін гриммен жасырған тележүргізуші шынайы келбетін көрсетті. Фото: CTV News

25 жыл бойы жүзін гриммен жасырған тележүргізуші шынайы келбетін көрсетті. Фото: CTV News

Fox телеарнасында жұмыс істейтін Ли Томас 25 жасында тері дертіне шалдығып, бетінде ақ дақтар пайда бола бастағанын есіне алды.

"Дәрігер менің витилиго дертіне шалдыққанымды және бетімдегі тері түсін өзгертуі мүмкін екенін айтты. Ол бұл дертке қарсы дәрі жоқтығын айтуда", - дейді Ли.

Басында тележүргізуші бұл жайтты гриммен шебер жасырып келген. Алайда кейін бетінен бөлек қолындағы терісі де өзгере бастағасын, әріптестеріне шындықты жайып салыпты.

Бүгінде ол грим жасауын жалғастыруда. Себебі, көрермендердің назары оның терісінде емес, жаңалықтарда болғанын қалайды екен.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
2
5
3
9
7
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір