Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанадағы "Бәйтерек" монументі 500 млн теңгеге "сатылымға" қойылды (фото)

Опубликовано:

Белгісіз біреу Астанадағы "Бәйтерек" монументін сатылымға қойды. Хабарландырулар тарататын сайттардың бірінде бұл нысанда әлдебіреу 500 млн теңгеге сататынын жазған деп хабарлайды NUR.KZ.

Астанадағы "Бәйтерек" монументін 500 млн теңгеге сатылымға қойды (фото)
Астанадағы "Бәйтерек" монументін 500 млн теңгеге сатылымға қойды (фото): UGC

NUR.KZ оқырмандары ел назарын аударатын хабарландыруды порталдың + 7 747 535 12 98 WhatsApp нөміріне жолдаған.

Астанадағы "Бәйтерек" монументін 500 млн теңгеге сатылымға қойды (фото)
Астанадағы "Бәйтерек" монументін 500 млн теңгеге сатылымға қойды (фото): UGC

"Қазақстанның құнды жәдігері "Бәйтерек" монументін сатамын. Биіктігі - 99 метр. Ауданы - 8600 м3. Жақсы күйде. Жуырда ғана 400 млн теңгеге жөндеу жұмыстарын жасадық. Ақша жоқтықтың салдарынан сатып жатырмын. Шұғыл! Барлық құжаттары бар. Бағасын келісуге болады. 500 млн теңге дегенің Эйфель мұнарасымен салыстырғанда түкке тұрмайтын ақша. Хабарласыңыздар", - деп жазған ол.

"Бәйтеректі" сатылымға "қойған" азаматтың кім екені әзірге белгісіз. Хабарландыру астына тіркелген нөмірге қоңырау шалсақ, тұтқаны ешкім көтерген жоқ.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1717355-astanadagy-bjterek-monumenti-500-mln-tegege-satylymga-kojyldy-foto/

pixel