RU
Жұртты көшеде дәретке отырмауға шақырған министрдің өзі көшеде дәрет сындырды (фото)
Жаңалықтар Әлемде

Жұртты көшеде дәретке отырмауға шақырған министрдің өзі көшеде дәрет сындырды (фото)

Рассказать Вконтакте

Индиядағы Раджастан штатының денсаулық министрі қала бойынша көше тазалығы жүріп жатқанына қарамастан, жол бойында дәрет сындырып тұрған министрді суретке түсіріп алды деп хабарлайды Lenta.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Министр. Фото: lenta.ru

Министр. Фото: lenta.ru

Жол бойында дәрет сындырған Каличаран Сарафты Джайпурде суретке түсіріп алған. «Бхаратия джаната парти» басқару партиясының құрамына кіретін министрдің суреті бірінші Twitter желісінде пайда болды.

Сарафтың өзі пікір білдіруден бас тартқан бұл суретті желі қолданушылары жағымсыз қабылдады. Желідегілер: «егер ол Индияда емес, Нью-Йоркта болса мұндай іске бармас еді», - деп жазды.

Айта кетейік, Моди басқармасы «Таза Үндістан» бағдарламасын 2014 жылы қабылдаған болатын, жоспар бойынша 2019 жылға қарай Үнді мемлекеті толықтай тазартылып, жергілікті халық таза ауыз су мен жеке дәретханаға ие болады.

Биліктегілердің мәлеметінше, осы уақыт аралығында Үндістан көшелерінде 60 миллион дәретхана тұрғызылған, бірақ соған қарамастан 500 миллион тұрғын әлі күнге дейін далада дәрет сындыратын көрінеді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
10
3
1
1
0
7
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel