RU
Ержүрек жас жігіт метроға секірген балақайды құтқарып қалды
Жаңалықтар Калейдоскоп

Ержүрек жас жігіт метроға секірген балақайды құтқарып қалды

Рассказать Вконтакте

Миланда студент жігіт метроға секірген балақайды құтқарып қалды. Бұл туралы NUR.KZ порталы kabarlar.org сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Италиялық азаматтың ерлігі бейнекамераға түсіп қалып, бұл жайттың видеосы YouTube парақшасында жарияланды.

Видеода балақай метроға секіріп кеткенде, оның анасы мен өзге жолаушылар у-шу болып жүгіре бастағаны байқалады.

Алайда көп адамның ішінде тек студент жігіт балақайдың артынан секіруге бел буған. Ол балақайды алып шығып, дер кезінде өзі де қауіпсіз жерге шығып үлгереді.

Құтқарылған балақайдың есімі - Мохаммед, ол екі жаста. Ал оны құтқарған 18 жастағы азаматтың есімі - Лоренцо Пианацца.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
2
0
1
35
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel