RU
Атышулы Еркін Ізбасар: "Төрт ағайынды" деген "корочка" ма әлде жейтін зат па?
Жаңалықтар Қоғам

Атышулы Еркін Ізбасар: "Төрт ағайынды" деген "корочка" ма әлде жейтін зат па?

Рассказать Вконтакте

Ақтөбедегі мамандандырылған қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында өтіп жатқан "Төрт ағайынды" ісінде куəгер ретінде жауап берген Есенжан Еркетаевқа мұнай ұрлығына қатысты айыпталып отырғандар сұрақты жаудырды.

Еркін Ізбасар. Фото желіден алынды

Еркін Ізбасар. Фото желіден алынды

"Есі кеткен, есі кеткен, ассалаумағалейкум! Ау, естіп тұр ма? Мен-Еркін Ізбасар. Бұрын сен мені көрдің бе? Тірідей бір жерде жүріп бара жатқанымды көрдің бе? Естіңдің бе? Біреу сенен ақша сұрады ма, қорқытты ма? Ұрды ма? Осылай Еркіннен келдім, оған ақша керек деп біреу айтты ма", - деп сұрады Еркін Ізбасар.

Іс куəгері Есенжан Еркетаев танымайтынын, көрмегенін айтып, Еркін Ізбасардың барлық сұрағына "жоқ" деп жауап берді.

Еркін Ізбасар куəгерден "Төрт ағайынды" деген сөздің не екенін сұраумен болды.

"Төрт ағайынды" деген не сендерге "корочка" ма? "Төрт ағайынды" деген кім ол, мал ма, адам ба? Əлде кəмпит пе, пішінə ма? Жейтін зат па, кока кола ма? Ненің аты деп ойлайсың? Əлемде "4 брат", "5 брат", "7 брат" дегендер көп емес пе?", - деді Еркін Ізбасар.

Куəгер Есенжан Еркетаев сотталушыларға қарап тұрып "Төрт ағайындының" ұйымдасқан қылмыстық топ екенін айтты.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
3
0
0
8
23
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір