RU
Қазақстанның төрт өңіріндегі арнайы операция кезінде 29 адам ұсталды
Жаңалықтар Қоғам

Қазақстанның төрт өңіріндегі арнайы операция кезінде 29 адам ұсталды

Рассказать Вконтакте

Қазақстанның Қарулы күштері еліміздің төрт өңірінде ірі арнайы операция өткізіп, 29 адамды ұстады, олардың арасында кеден және құқық қорғау органдарының қызметкерлері бар, деп хабарлады Бас прокуратураға сілтеме жасаған Sputnik Қазақстан.

Иллюстрациялық фото defence.ru сайтынан алынды

Иллюстрациялық фото defence.ru сайтынан алынды

Арнайы операция 15-16 ақпанда Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында жүргізілген.

Қарулы күштер шекаралық аймақтарда контрабандамен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтарды құрықтады.

"Нәтижесінде 29 күдікті тұлға ұсталды. Олардың арасында кеден және құқық қорғау органдарының лауазымды тұлғалары, брокерлер, делдалдар, криминалитет өкілдері мен Қырғызстанның екі азаматы бар", — делінген хабарламада.

Алматы, Жамбыл облыстары мен Алматы қаласынла 16 адам ұсталса, Оңтүстік Қазақстан облысында 13 адам қолға түскен.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
7
2
8
10
31
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel