RU

Абақтыға қамалған әйелдердің балаларына арнап балабақша салынуы мүмкін

Анасы қылмыс жасап, темір торға тоғытылғанымен, «баласы бостандықта» болуы керек. Қылмыстық жауапкершілікке тартылған әйелдерге қатысты тәртіп өзгеруі мүмкін. Қазір арнайы заңға енгізілетін өзгерістер әзірленіп жатыр деп хабарлайды Алматы арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Дети в тюрьме. Фото: point.md
Дети в тюрьме. Фото: point.md: UGC
Бүгінде Алматы облысы Жауғашты ауылындағы әйелдер колониясында жазасын өтеп жатқан келіншектер 3 жасқа дейінгі балаларымен бірге тұрады. Бұл еліміздегі баласымен бірге болуға рұқсат етілген жалғыз колония. Дегенмен анасы сотталғанымен, баланың бостандықта болуы қажет. Сол үшін әйелдер колониясының территориясынан тыс жерден арнайы балабақша бой көтереді. Бұл жайында мәжіліс депутаты Зағипа Балиева айтты.

«Бүгінгі күнде анасы күндіз келеді, түнде кетеді. Бірақ қазір оны да ұйымдастырып жатырмыз. Ана мен бала күні-түні бірге болуы керек. Әрине, мамасы қылмыскер, оны ұмытпай, бірақ ең бірінші ол баланың құқығы. Қазір бәрін ойластырып жатырмыз. Қажетті заңдарға өзгерістер енгізуге дайынбыз», - деді Зағипа Балиева.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Жауғаштыдағы мекемені 22 бала мекен етеді. Заңға өзгеріс енсе, бұл балақайлар бостандыққа шықпақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1717478-abaktyga-kamalgan-jelderdi-balalaryna-arnap-balabaksa-salynuy-mmkin.html