RU
Ер адам кәріз құдығына құлап, үш күн бойы шыға алмаған
Жаңалықтар Әлемде

Ер адам кәріз құдығына құлап, үш күн бойы шыға алмаған

Рассказать Вконтакте

Лондон қаласына қарасты шағын мекенде кәріз құдығына түсіп кетіп, үш күн бойы шыға алмаған ер адам құтқарылды деп хабарлайды «МИР24» сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Канализация. Фото: Интернет

Канализация. Фото: Интернет

Тек үш күннен соң ғана тұрғындар жер астынан шыққан әлдекімнің даусын естіп, құтқарушыларды шақырыпты. Полицейлер кәріз құдығын ашып, зардап шегушіге шығуға көмектескен.

«Бұл қызық жайт болды. Оның үсті-басы лас еді. Байқауымша, аяқ киімі де жоқ», – дейді куәгерлердің бірі.

48 жастағы ер адамның айтуынша, ол ашық тұрған кәріз құдығына байқаусызда түсіп кетіп, шыға алмаған. Ол кәрізден шығу үшін үш күн бойы жер астында он шақырым жер жүрген. Құтқарушылар ер адамды жер бетіне алып шыққаннан кейін, ол бірден темекі сұраған.

Ал лондондық кәріз құдықтарына жауап беретін «Thames Water» компаниясы ер адамның сөзіне күмән келтірген. Олардың пікірінше, ед адам өзін құтқарып алған орыннан бір жарым шақырым жердегі суағар арқылы кәріз құбырына түскен.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
3
1
3
10
7
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір