RU
Бишімбаев өзін арандатушылардан қорғауды сұрап отыр
Жаңалықтар Қоғам

Бишімбаев өзін арандатушылардан қорғауды сұрап отыр

Рассказать Вконтакте

Экс-министр Қуандық Бишімбаев өзін арандатушылардан қорғау туралы сотқа өтініш жолдады. Сот отырысында ол тергеу изоляторында орын алған жағдайларды баяндады деп хабарлайды Астана арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Қуандық Бишімбаев. Фото желіден алынды

Қуандық Бишімбаев. Фото желіден алынды

"Бір апта бойы әлдебірулер келіп, заңсыз әрекетке баруға үгіттеді. Менің көзімше елдің жоғарғы басшылары жайлы жағымсыз сөздер айтты, тоқтатыңдар десем де, қоймады. Құрметі судья, мен мұны әкімшілік пен басқа да органдарға жеткізуді сұраймын", - дейді айыпталушы Қуандық Бишімбаев.

Астанадағы мамандандырылған қылмыстық істер жөніндегі сотта экс-министр ісі бойынша жарыссөз өтуі тиіс болған. Алайда, екі бірдей адвокат пен прокурордың келмеуіне байланысты істі қарау дүйсенбіге қалды.

Еске салсақ, Қуандық Бишімбаев мемлекет қаржысын жымқырды деп айыпталған. Онымен бірге тағы 22 адамның ісі қаралып жатыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
1
0
2
4
6
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel