RU
Сыртқы істер министрлігі елімізде қырғыз депутатының ұсталғанын растады
Жаңалықтар Саясат және экономика

Сыртқы істер министрлігі елімізде қырғыз депутатының ұсталғанын растады

Рассказать Вконтакте

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі көрші елге Қырғызстан парламентінің депутаты Асылбека уулу Дамирбектің ұсталғаны жайлы жауап нота жіберген деп хабарлайды Қазақпаратқа сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото ic24.kz

Фото ic24.kz
Source: UGC

"2018 жылғы 17 ақпанда Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Қырғызстан азаматы Дамирбек Асылбек уулының ұсталғаны туралы ақпараты бар жауап нотаны Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрлігіне жолдады. Қазақстан СІМ қызметкерлері қырғыз елшілігімен байланыста және оларға Қазақстан құқық органдарымен байланыста болуына жәрдемдесіп жатыр", - деген Қазақстан СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанның Бас прокуратурасы ақпанның 15-16 күндері Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Алматы қаласында жүргізілген арнайы операция барысында 29 адамның ұсталғанын олардың екеуі Қырғызстан азаматтары екенін хабарлаған.

БАҚ-та ұсталғандардың бірі Жогорку Кенеш (Қырғызстан парламенті – ред.) депутаты Дамирбек Асылбек уулу екені жайлы ақпарат тараған.

Осыдан кейін Қырғызстанның сыртқы істер министрлігі Қазақстанда қырғызстандықтардың ұсталуына қатысты мәліметтер алу үшін елімізге нота жіберді.

Сіздің реакцияңыз
1
0
1
1
5
13
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel