RU
Моңғолиядағы келіндер сайсында қазақ келіншек үшінші орын алды (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Моңғолиядағы келіндер сайсында қазақ келіншек үшінші орын алды (видео)

Рассказать Вконтакте

Моңғолияның ұлттық телеарнасында өткен "Манай бэр" (Біздің келін) реалити-шоуы өз мәресіне жетті. Бұл жобада қазақ келіншек Тұрсын Сатқанова үшінші орын алған деп хабарлайды Аsiarussia.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Тұрсын Сатқанова. Скриншот видеодан алынды

Тұрсын Сатқанова. Скриншот видеодан алынды
Source: UGC

Жобаға қатысуға ниет білдірген 200 үміткердің ішінен ақтық кезеңге төрт шетелдік келін өткен. Олар: Тұрсын Сатқанова (Қазақстан), Ханна Максон (АҚШ), Мина Тамура (Жапония) және Донара Балдансүрэн (Ресей). Бұлардың барлығы Моңғол азаматтарына тұрмысқа шыққан.

Жоба ұйымдастырушылары сайыс шартын әр кезең сайын қиындата түскен. Мәселен келіндер моңғол қамырын илеп, хэвийн боов сынды түрлі ұлттық тағамдар дайындаған. Сайыстың ең қиын шарты моңғолдың ұлттық киімін (дээл) тігу болған.

Ал соңғы тапсырмада келіндер өз өнерлерін ортаға салды.

Нәтижесінде жапониялық Мина Тамура жобаның жеңімпазы атанса, ресейлік Донара Балдансүрен - екінші орын, қазақ келіншегі Тұрсын Сатқанова - үшінші орынды иеленген.

Айта кетейік, Тұрсын Сатқанова Моңғолияға осыдан 22 жыл бұрын келген.

Сіздің реакцияңыз
2
4
2
0
0
16
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel