Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Енді өзгеремін: Төреғали Төреәлі халықтан тағы да кешірім сұрады

Опубликовано:

Өткен жылы Павлодардағы жеке концертінде әрекетімен елді шулатқан Төрағли Төрәлі тағы да халықтан кешірім сұрады. Бұл жолы Ұлы дала баласын мұнысын өлеңмен жеткізді деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото әншінің instagram парақшасынан алынды
Фото әншінің instagram парақшасынан алынды: UGC
"Сөз беремін, мен енді өзгеремін
Отаным жоқ өзіңнен өзге менің.
Төз дегенің, еліңнен оз дегенің,
Сол менің көздегенім.
Кешірім сұрағаным
Өз арым, өз беделім!", - деп жазды әнші желідегі парақшасында.

Еске сала кетейік, Павлодар облысында өткен ән кешінде Төреғали Төреәлінің көрермендердің біріне зекіген видеосы желіні шарлап кеткен еді.

Видео Қазнетте қызу талқыға түсіп, Ұлы дала баласының әрекеті жұрттың наразылығын тудырған. Кейін әнші оқиғаның мән-жайын түсіндіріп, бұл қылығы үшін халықтан кешірім сұрады.

Кейін Павлодар облысының билігі Төреғали Төреәліні соңғы жайттардан кейін концерттерге шақырудан бас тартатынын мәлімдесе, министр Арыстанбек Мұхамедиұлы даулы концертке қатысты шара қолданатынын айтқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1717557-endi-zgeremin-tregali-treli-halyktan-tagy-da-kesirim-srady/

pixel