RU
Актриса мен имамның атышулы суретіне қатысты басшылар пікір білдірді
Жаңалықтар Қоғам

Актриса мен имамның атышулы суретіне қатысты басшылар пікір білдірді

Рассказать Вконтакте

Голливуд жұлдыздарының Өскемендегі Халифа Алтай мешітіне барып құлшылық етіп тұрған суреті желіде қызу талқыға түскен болатын. Бұл мәселеге қатысты Өскемен мешітінің бас имамы Ермек қажы Мұқатай өз пікірін білдірді деп хабарлайды "ҚазАқпаратқа" сілтеме жасаған NUR.KZ.

Өскемен мешітінің бас имамы шетел жұлдыздарының атышулы суреттеріне қатысты пікір білдірді

Өскемен мешітінің бас имамы шетел жұлдыздарының атышулы суреттеріне қатысты пікір білдірді
Source: UGC

«Әлеуметтік желіге тараған ақпараттың барлығын біз исламның асқақ абыройын ойлаған жанашырлық деп қабылдадық. Әркімнің түсінік-танымы, деңгейі әртүрлі ғой. Сондықтан, ешкімге өкпе сақтап отырған жоқпыз. Мешіттің есігі кез келген адамға ашық. Актерлердің бәрі ғимарат ішінде шариғат заңдылықтарын сақтап жүрді. Шариғаттың ешбір шарты бұзылмағанын ресми мәлімдеймін. Дініміздің абыройына араша түсіп, өз өресіне сай үн білдіріп жатқан тілеулестеріміздің барына қуандық» - дейді Ермек қажы.

Сонымен бірге, имам мешіт аумағындағы ішкі ережені сақтаса, оған кез келген адам кіре алатынын жеткізді. Ал Алла үйінде сурет, видеоға түсіруге ешқандай тыйым жоқ екенін де айтты. Одан бөлек, бас имам атышулы Голливуд актрисасы Бай Лин мен мешіт қызметкерінің суретіне қатысты өз ойын айтты.

«Ислам - кешірім діні. Сондықтан облыстық мешіт тарапынан ешкімге арыз-талап түсірмейміз. Оның үстіне бұл жерде діни қызметкердің жеке бас құқығы тапталып отыр. Біз әріптесімізбен сөйлестік. Ұжым да, мешітке келушілер де оны отбасы құндылықтарына адал, дініне берік жан ретінде біледі. Шетелдік меймандармен жүрген қарбаласта түсіп қалған кездейсоқ суретті сан-саққа жүргірткендерді өздерінің ар сотына тапсырайық. Дегенмен, бұл әріптесіміздің жеке құқығы. Біз ешкімді жазалауға, қатесі үшін жауапқа тартуға құлықты емеспіз. Ең бастысы, суретке ат қойып, айдар тағушылар өз қателіктерін түсінгені керек», - деді ол.
Сіздің реакцияңыз
9
2
3
3
3
26
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel