RU
Мирзияев ҰҚК-ні 37-жылғы репрессияға теңеді
Жаңалықтар Әлемде

Мирзияев ҰҚК-ні 37-жылғы репрессияға теңеді

Рассказать Вконтакте

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев 16 ақпанда Бұхара облысы Пешкун ауданының белсенділерімен кездесіп, Ұлттық қауіпсіздік қызметін (ҰҚҚ) тағы да қатаң сынға алды деп хабарлайды centralasian.org-қа сілтеме жасаған NUR.KZ.

Мирзияев ҰҚК-ні 37-жылғы репрессияға теңеді

Мирзияев ҰҚК-ні 37-жылғы репрессияға теңеді

Президенттің сөздерінше, Бұхара облысының ҰҚҚ басқармасы кәсіпкерлерге қырғидай тиіп, жазықсыз түрмеге отырғызған.

«...Бізде ұлттық қауіпсіздік деген құдай берген бір ұйым бар. Бір мемлекеттік ұйымда қаншама өкілеттік берілген. Сол үшін Бұхара облысында наразылық көбейді. Маған жеткен хат иелері наразы. Мұнда кәсіпкерлерді жойған ұйым әлі жұмыс істеп жатыр», – деді президент.

Шавкат Мирзияевтің сөздерінше, өзінде Бұхара облыстық ҰҚҚ басқармасы жасаған қаншама қылмыстық дәлелдер бар.

"Менде тіпті зорлық-зомбылық бейнесі бар суреттер бар. Мен оны жасаған тергеушілердің аты-жөндерін білемін. Құдай денсаулық берсе, зұлымдық жасағандардың бәрін теледидардан көретін уақыт келеді. Мен осылардың бәрін олардың өздеріне сынаймын. Неге? Себебі әділеттілік болу керек. Егер қажет болса, олар жиырма жылға дейін түрмеде отырады», – деді президент.

Мирзияевтің айтуынша, заңсыз әрекеттерден шаршаған кәсіпкерлер Бұхарадан қашып кетуге мәжбүр болған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
5
0
5
33
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel