RU
Мүгедек қызға ақша беріп қуантқан Гүлзира Айдарбекова елді сүйсіндірді (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Мүгедек қызға ақша беріп қуантқан Гүлзира Айдарбекова елді сүйсіндірді (видео)

Рассказать Вконтакте

Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желіні белсенді түрде қолданатындар қатарында екені белгілі. Үнемі желіде түрлі байқаулар ұйымдастырып отыратын жұлдыздың анасы бұл жолы да өзінің мәрттігін көрсетті. Қайраттың "Сүйген қалам" әніне түсірілген үздік видеоға 1 млн теңге беруге уәде еткен еді. Жеңімпаздарды анықтаған ол байқауға қатысқан мүгедек қызға да ақшалай сыйлық табыстады деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасына жазды.

"Ешкімнен қалыс қалмай, біздің конкурсымызға қатысқаның үшін алғысым шексіз, балапаным сол! Саған арнайы өзімнің ақшалай сыйлығым бар. Адресіңді және ұялы телефон нөміріңді ұмытпай тезірек жазып жібер. Саған өзіміз жеткіземіз", - деген ол кейіннен Ақбота Серғазы есімді қызды Талғар емханасына өзі барып, оған сыйлығын берді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
17
1
1
2
3
67
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel