RU
Жартылай жалаңаш инспектор: Қостанайлық полицейдің суреттері желіде таралып кетті (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Жартылай жалаңаш инспектор: Қостанайлық полицейдің суреттері желіде таралып кетті (фото)

Рассказать Вконтакте

Қостанайдағы ювеналды полиция бас инспекторының жартылай жалаңаштанған суреттері желіде тарап, елдің қызу талқысына түсті деп хабарлайды "Время" басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы.

Гүлмира Лежнина. Фото: time.kz

Гүлмира Лежнина. Фото: time.kz
Source: UGC

Қостанайдағы ювеналды полиция бас инспекторы Гүлмира Лежнинаның анасы әлеуметтік желідегі парақшасында қызының жартылай жалаңаштанған суреттерін салады. Ашық-шашық көйлектегі фотолар желіде өткен жылдан бері тұрған екен.

Суретте Гүлмира Лежнина белінен төмен ашық көйлек киіп, өз сымбатын екі жастың төсегіне сүйеніп көрсетіп тұр.

Журналистер қауымы заң саласы қызметкерінің суреттері желіге қалай тарағанын білмек болып, Гүлмираның өзіне қоңырау шалған.

Гүлмира Лежнина. Фото: time.kz

Гүлмира Лежнина. Фото: time.kz
Source: UGC

"Бұл суреттерді анам менің рұқсатымсыз желіге жариялап жіберіпті. Ол қызының әдемі суреттерімен құрбыларына мақтанғысы келген екен. Менің ескертуімнен кейін ол барлық суреттерді өшіріп тастады. Алайда мен суреттерден ешқандай әбестік көріп тұрған жоқпын. Еш жерім ашық емес. Бар болғаны спорттық үлгідегі шомылу киімі мен көйлек киіп тұрмын. Әрине, менің қызметтік статусымды ескерсек, олар жұрттың назарына ілінбеуі тиіс еді", - дейді Гүлмира Лежнина.

Мемлекеттік қызметкерлердің жүріс-тұрысын бақылау комитеті мұндай жағдайда адамды кінәлі етіп шығара алмаймыз деп отыр. Себебі, ол суреттерді қасақана жариялаған жоқ. Тіпті оны желіге салып жатқанын білмеген дейді.

Время басылымынан материалды көшіріп басу үшін газет редакциясынан рұқсат алу міндетті.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Сіздің реакцияңыз
4
2
3
3
3
15
5
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel