RU
20 жастағы ару шаш бояймын деп адам шошырлық күйге түсті (фото)
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

20 жастағы ару шаш бояймын деп адам шошырлық күйге түсті (фото)

Рассказать Вконтакте

20 жастағы Ұлыбритания тұрғыны шашын бояймын деп, адам шошырлық күйге түскен. Ол желіде өзінің сәтсіз тәжірибесімен бөлісіп, аруларға абай болуды ескертті деп хабарлдайды life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Лорен Вудс. Коллаж: NUR.KZ

Лорен Вудс. Коллаж: NUR.KZ

Үш баланың анасы Лорен Вудс шашын боярда өзін алда қандай сұмдық күтіп тұрғанын білмеген. Ол тіпті, қауіпті жағдайдың алдын алу үшін шаш бояуын қолына жағып көріпті. Ешқандай аллергиялық белгілерді байқамаған соң, қорықпастан шашын бояуға кіріскен.

"Шаш бояп әдемі болу - менің басымнан өткен қиыншылықты көруге тұрмайды. Сондықтан, ешбір аруға ондай ауруды сезінбесе екен деп тілеймін", - дейді Лорен.

Ол өзінің Facebook парақшасында шашын бояғанға дейінгі және кейінгі суреттерін жариялаған соң, желі қолданушылары да басынан өткерген тәжірибесімен бөлісті. Белгілі болғандай, оқырмандар арасында Лореннен де ауыр халге түскендер бар екен.

"Бұл жағдай менің де басымнан өткен. Мен ауруханада жеті күн жаттым. Бетім, маңдайым мен мойным толық ісіп кетті. Тіпті төрт күн бойы көзім көрмей қалған", - дейді Хайди Купер

"Ал мен аурцуханада бір ай бойы емделдім. Анафилкактикалық шоктан айығуым бес күнге созылды", - дейді Лаура Уайльд.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
2
8
1
1
6
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір