RU
Қалталы азаматтың тоқалы болудың бес артықшылығы қандай?
Жаңалықтар Қоғам

Қалталы азаматтың тоқалы болудың бес артықшылығы қандай?

Рассказать Вконтакте

Көпшілікке Instagram әлеуметтік желісінде esil.media паблигімен белгілі болған парақшада тоқал мен ашынаның арасындағы 5 айырмашылық айтылған деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Тоқал мен ашынаның арасында қандай айырмашылықтар бар?

Тоқал мен ашынаның арасында қандай айырмашылықтар бар?

Мақала авторының пікірінше, тоқал мен ашынаның арасындағы ерекшелік жер мен көктей екен. Дәлірек айтсақ, тоқалдың заңды некеде тұрған әйелмен құқықтары бірдей екен.

«Біріншіден, тоқал да заңды әйел сияқты көпшілікпен мойындалады. Мәселен, тоқал мәртебесі бар «ханымдар» ерлермен ешкімге айтпай кездесіп, ара-қатынастарын құпия сақтамайды. Тоқал – өз отбасында өз орны бар, жігіттің туыстары мен ата-анасы сөз салып, құдаласқан әйел адам», - деп әлеуметтік парақшада «тоқал» сөзіне кеңінен түсініктеме берілген.

Сондай-ақ, олар «тоқалдың» барлық құқықтары туралы да айтып берген.

«Тоқал ер-азаматтардың заңды әйелі сияқты материалдық тұрғыда қамтамасыз етілу құқығына ие бола алады. Егер заңды некедегі әйелінде үй болса, онда да баспана болуы тиіс, егер қымбат әшекей бұйымдар болса, тоқалда да олар болу керек және т.т. Сонымен бірге, тоқал дүниеге әкелген балалар заңды некедегі перзент болып саналады және олар күйеуінің тегін ала алады. Сол сияқты, тоқалдарға некедегі нәзік жандылар сияқты, «еркелеу» құқығы бар. Мысалы, ол да кенеттен «ауырып қалуы» мүмкін немесе ол тек төсек қатынасы үшін жаралмаған, тоқал да құрметке лайық, өз мәртебесі бар жан», - деп көрсетілген жазбада.

Автор тоқалдың "ойнастан" тағы бір айырмашылығы - оның сый-құрметке лайық болуы екенін жазады.

«Тоқалды бәрі құрметтеуі тиіс, себебі ол – ер адамның ашынасы емес, тәнін саудалап жүрген жезөкше де емес. Ол азаматтың екінші әйелі, балаларының анасы», - деп қорытындылаған автор.

Желі қолданушылары болса, «көп әйел аламыз деп жетісіппіз» десе, енді бірі «қазақтарда бұл дәстүр бұрыннан бар, онда тұрған ештеңе жоқ» деп аталған дәстүрге қолдау көрсететін пікір білдірген.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
0
1
0
0
20
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel