RU
Бибігүл Төлегенова қызы екеуін ұрып, ауруханадан бір-ақ шығарған күйеуінің қорлығы туралы айтты
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Бибігүл Төлегенова қызы екеуін ұрып, ауруханадан бір-ақ шығарған күйеуінің қорлығы туралы айтты

Рассказать Вконтакте

Қазақтың әйгілі әншісі Бибігүл Төлегенова екінші күйеуінен көрген қорлығы туралы айтып берді. Оның айтуынша, 18 жасында өзінен үлкен кісіге тұрмысқа шығып, кейіннен оның тарапынан болған түсініспеушілікке шыдамай, екі баласымен кетіп қалған. Сонымен бірге, әнші екінші күйеуі қызғаныштан өзі мен қызын соққыға жығып, ауруханадан бір-ақ шығарған күндерін есіне алды деп хабарлайды "Астана" арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Бибігүл Төлегенова өзін танымал жазушыдан қызғанған күйеуінің қорлығы туралы айтты

Бибігүл Төлегенова өзін танымал жазушыдан қызғанған күйеуінің қорлығы туралы айтты

Ол бірінші күйеуінің маскүнем болып кеткенін айтты. Оның айтуынша, бірінші күйеуі Бибігүлді іздеп, тіпті театрға келіп шу шығарғанын да айтты. Бірінші некеде жолы болмаған әйгілі әншінің екінші жары да оны түсінбеген. Себебі, гастрольдік сапармен шетелге шыққан қазақтың бұлбұлын күйеуі қызғанып, соққыға жыққан.

"Бірінші жолдасымнан ажырасқан соң бес-алты жылдан кейін ары қарай өмір сүру керек екенін түсіндім. Сол жылдары театрдан филармонияға жұмысқа жіберді. Құрманғазы атындағы оркестрмен үнемі гастролдік сапармен жүретінмін. Колхоз-совхоздарды аралап жүреміз. Сонда әкімші болып жүретін ол жігіт Кәмел деген. Қыздардың барлығы да мінезі жақсы, арақ ішпейді деп мақтайтын.

Сөйтіп, әрі бері қарап жүрдім де, еңбекқор жігіт екенін білдім. Сөйтіп, екеміздің әңгімеміз жарасып, 1961 жылы тұрмысқа шықтым. Мен ол кезде Қазақстанның халық әртісімін. Олар маған әртіс болғаннан соң біртүрлі қараған болуы керек.

Менің әкеме "халық жауы" деген айып тағылған соң, мені шетелге жібермейтін. Кейін әкемді ақтап шыққан соң, 1967 жылы алғаш рет Египетке жіберді. Египетке барып келгеннен кейін Мұхамеджан Қаратаев дейтін әкеммен жасты ағамнан қызғанып, маған қол тигізді. Мен ондайды жек көремін, ешқашан қол тигізбейтін адаммын. "Сен сол кісімен екі адам болып әдейі кеттің" деп. Ол кісіні біреулер айдап салған болуы керек. Ешқандай ондай болмайтын. Жалғыз өзімді ғана емес, қызым мені жақтап еді, оны да ұрып тастады. Сөйтіп екеуіміз ауруханадан бір-ақ шықты. Менің миым шайқалған. Театрдағылар "Бибігүлді күйеуі басын балтамен жарыпты" деп шулап жүр. Мен содан, бәлесінен аулақ, балаларыма зақым келгенше, одан да тұрмаймын дедім", - дейді ол.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
9
1
11
49
3
27
10
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір