RU
Бойжеткеннің елесімен суретке түскен павлодарлық жігіт қорқынышын жасырмады
Жаңалықтар Қоғам

Бойжеткеннің елесімен суретке түскен павлодарлық жігіт қорқынышын жасырмады

Рассказать Вконтакте

Байқаусызда елесті суретке түсіріп алған павлодарлық азамат әлі күнге бұл оқиғаға сенер емес. Темірлан Ахметов сол күні көлікте жалғыз болған деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Павлодарлық Темірлан Ахметов есімді азамат заң саласында қызмет етеді. Оқиға болатын күні ол қолындағы затын досына бермек болып, суретке түседі. Кейін суретіне қараған соң ол фотодан беймәлім адамның келбетін байқаған.

«Бұл мен үшін түсініксіз құбылыс болды. Суреттен алғашында ештеңе байқалмаған. Бірақ мен суретті фотошопқа салғанда көліктің артқы жағынан қыздың бейнесін байқадым. Басында қорқып кеттім. Бұрын да осыған ұқсас оқиғаға куә болған едім. Ол неге менің көлігімде болды? Бұл жағы түсініксіз», - дейді Темірлан.

Темірланның айтуынша, ол Мercedes W202 1996 жылғы көлігінің екінші иесі. Бұрынғы егесі де көлікті өте ұқыпты ұстаған. Көлікке қатысты оқыс оқиға орын алмаған екен.

«Кешкілік көлікке отырмастан бұрын, оны тағы көріп қалсам деген қорқынышым бар. Суретті бүкіл туыстарым мен таныстарыма көрсетіп шықтым. Ешкім танымайды», - деп сөзін аяқтады Темірлан Ахметов.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
9
17
1
2
15
5
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel