RU
Кішкентай қызынан "жұлдыз" жасауды ойлаған Айдана Меденова сынға қалды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Кішкентай қызынан "жұлдыз" жасауды ойлаған Айдана Меденова сынға қалды

Рассказать Вконтакте

Айдана Меденова тұңғышы Әминаға арнап парақша ашып, оны да танымал етпекші. Бұл жайында «НТК» арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Айдана Меденова. Фото: Интернет

Айдана Меденова. Фото: Интернет
Source: UGC

Жас әнші қызының да "инста-әлемде" танымал болғанын қалайды. Оған арнап аккаунт ашып, парақшаға Әминаның қатысуымен түсірілген видеороликтер жүктеуге өнердегі жақындары қарсы екен.

«Алда сондай қызығушылық болып жатқаннан кейін, ашатын ойым бар. Кішкентай болғанда қорқып, тіл-көзден сақтап көрсетпейтінмін. Ал қазір үлкен болды. Ерекше өзі, слухы да өте жоғары. Ән айтып жатқанын, би билеп жатқанын, сондай бір өнер жағынан көрсететін шығармын», - дейді Айдана Меденова.

Ал үш жасар қызын танымал қылғысы келетін әншінің әрекетін әріптестері құптап отырған жоқ.

Серік Ибрагимов. Фото: Интернет

Серік Ибрагимов. Фото: Интернет
Source: UGC

«Мақтаныш үшін бе? Не үшін? Менің олай істегім келмейді. Мақтаныш үшін жасалатын нәрсе шығар деп ойлаймын өзім. Арнайы парақшасын ашып деген сияқты, керек емес. Ол ертең ес жинағаннан кейін, өзі мектепке барады, 13-тен асып өзі ойланып, өзі істеуге болатын шығар», - дейді Серік Ибрагимов.

Сондай-ақ бұл қатарда Сиви Махмуди мен Мұқасан Шахзадаев та бар. Өнер иелері мұндай нәрсе балаға әзір керек емес деген пікірде.

Сіздің реакцияңыз
5
3
1
1
1
12
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel