RU
Бірнеше күйеуден қашып кеткен қызы туралы айтқан кейуана егіле жылады
Жаңалықтар Қоғам

Бірнеше күйеуден қашып кеткен қызы туралы айтқан кейуана егіле жылады

Рассказать Вконтакте

NUR.KZ порталынан «Ақтаулық келіншек үш баласы мен күйеуіне айтпай тұрмысқа шығып кетті» деген оқиға туралы естіген егде жастағы әйел редакцияға хабарласып өзінің қызының тағдыры жайында баяндап берді.

Фото: Интернет

Фото: Интернет

Солтүстіктің тумасы Әмина апа (есімі өзгертілді) жалғыз қызы Әселінің тағдырына алаңдайтынын айтты.

«Бала күнінде баспалдақтан құлап, басын оңдырмай жарақаттап алған еді. Соның әсері ме, білмеймін. Қызымның кейде басы ауған жаққа кетіп қалатын әдеті бар», - деп әңгімесін бастаған кісі терең күрсінді.
«Қызым оқуын да оқыды. Кейде апталап жоғалып кететін. Кейде қайда жүргенін ұмытып қалады. Төрт рет тұрмысқа шықты. Үнемі құдалар келіп, сырға салып алып кетеді. Жақын тума-туыс, көрші-көлеңнен ұялып, жерге кірердей болып ұзатамын. Бірақ, ұзамай қызым қайта келіп тұрады. Бір-екі рет жындыханаға да жатқызып шығардым», - деді Әмина апа.

Екі ұл, бір қыз өсіреген ананың бүгінде екі келіні, бірнеше немересі бар екен. Отағасы өмірден өткелі біраз жылдың жүзі болған. Қазір қара шаңырақта тек қызымен ғана тұрады.

«Көрші-көлең де мысқылдап күледі. «Сенің қызыңды бай алғыш екен» дейді. Іштен шыққан шұбар жылан ғой, қайтейін. Тек, көнгеннен басқа амалым жоқ. Басына үнемі ем қабылдап тұрамыз. Кейде қатты ауырса, өзімді де танымай қалады. Дәрігер «балалы болса, дертінен айығуы мүмкін» деген еді.
Күйеуден-күйеуге қашып жүргесін қалай балалы болады? Өзім дәрігерге апарып, арнайы шарасын қолданып, бала көтермейтіндей сақтандырып қойдым», - деген ана қызы үшін ағаларының да намыстанатынын алға тартты.

Әмина апа Әселді уақытылы дәрігерге көрсете алмағанына әлі де өкінеді. Сондай-ақ, біреудің тағдырын білмей тұрып, даттамауға шақырды.

«Мен де қызым бақытты болып кетер деп, барлық сөзге төзіп келемін. Өзгенің тағдыры басына келмесіне ешкім кепілдік бере алмайды ғой», - деп көз жасын төкті ана.

Ол оқырмандардан бәріне түсіністікпен қарауды және баланың денсаулығына қандай жағдайда да салғырт қарамауды өтінді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
2
1
33
3
14
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel