RU
Ресейлік жанкүйер өз құрамасына қолдау көрсете алмағанына күйінді
Жаңалықтар Олимпиада-2018

Ресейлік жанкүйер өз құрамасына қолдау көрсете алмағанына күйінді

Рассказать Вконтакте

Пхенчхандағы Олимпиада ойындарында Ресей спортшылары нейтралды ту астында өнер көрсетуде. Халықаралық Олимпиада комитеті 2014 жылғы Сочи Олимпиадасында допинг қолданғаны үшін Ресей құрамасын жарыстан шеттеткен болатын деп жазады NUR.KZ.

Ресей құрамасы Олимпиаданың ашылу салтанатында. Фото: РБК спорт

Ресей құрамасы Олимпиаданың ашылу салтанатында. Фото: РБК спорт
Source: UGC

Олимпиадаға допинг қолданбаған ресейлік спортшылар ғана шақырту алды. Ал жанкүйерлерге қысқы ойындардың ашылу салтанатында шеруге шыққан Ресей құрамасына қолдау көрсетуге тыйым салынды.

"Бұл, әрине, өте өкінішті жағдай. Ашылу салтанаты кезінде ортаға Ресей спортшыларын шақырды. Нейтралды ту астында сынға түссе де, олар өз еліміздің спортшылары ғой?! Біз қолдау көрсетпек болып орнымыздан тұрып, қол шапалақтай бастағанда волонтерлар бізді отырғызып тастады. Олар бізге тыныш отыру керектігін ескертті. Өз құрамаңа қолдау көрсете алмаған қиын екен. Біз бұл жағдай бейбіт түрде шешіліп, спортшыларымыздың жолы ашылады деп сенеміз. Жабылу салтанатында Ресейдің туын ұстап шығуға рұқсат береді деген сыбыс бар. Содан үміттіміз", - дейді Екатерина есімді ресейлік жанкүйер.

Халықаралық Олимпиада комитеті тыйым салғанына қарамастан, трибунаға Ресей туын көтеріп келген жанкүйерлер қарасы көп.

Әзірге Ресей спортшылары бірде-бір алтын медаль иеленген жоқ.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
2
0
5
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel