RU
Прокурор соттан Бишімбаевты 12 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады
Жаңалықтар Қоғам

Прокурор соттан Бишімбаевты 12 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Рассказать Вконтакте

Сыбайлас жемқорлық бойынша айыпталып жатқан экс-министрдің сотында прокурор тағылған айыптар негізінде Қуандық Бишімбаевты 12 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады деп хабарлайды Азаттық радиосына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Бишімбаев

Айыптаушы прокурор Сәуле Сыдықова Қылмыстық кодекстің 28-бабының 3-бөлімі (« Қылмыстық құқық бұзушылық жасауды ұйымдастырған немесе оның орындалуына басшылық ету, сол сияқты қылмыстық топты құру не оған басшылық ету»), 189-бабы 4-бөлімінің 2-тармағы («Топ болып немесе астыртын сөз байласып, сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салуды ұйымдастыру») бойынша айыпты деп тануды сұрады.

Прокурор осы тағылған айыптар негізінде Бишімбаевқа 12 жыл бас бостандығынан айыру жазасын кесу, мемлекеттік басшылық қызметті атқару құқығынан өмір бойына айыру, мемлекеттік «Құрмет» орденін қайтарып алуды және қылмыстық жолмен алынған мүлкін тәркілеуді сұрады.

Естеріңізде болса, 8 қаңтар күні өткен сот процесінде сөз алған 37 жастағы Қуандық Бишімбаев «ел президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен барша қазақстандықтардың сенімін ақтай алмағаны» үшін өзін кінәлі сезінетіні туралы мәлімдеген.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
2
9
1
7
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel