RU
Алматыда ашынған саудагерлер Байбекпен кездестіруді талап етті
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда ашынған саудагерлер Байбекпен кездестіруді талап етті

Рассказать Вконтакте

Алматыда жер асты өту жолында кәсіптерін дөңгелетіп отырған 700-ге жуық саудагерді қала әкімдігі наурызда қуып шықпақ. Күнкөріс көзінен айырылса, қайда барарын білмей шырылдаған халық шаһар әкімі Бауыржан Байбектің атына бірнеше мәрте хат жазғанмен, оңды жауап алмаған деп хабарлайды КТК телеарнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Видеодан скриншот

Видеодан скриншот
Source: UGC

Саудагерлердің сөзіне сүйенсек, әкімге жолыға алмай жүргендеріне төрт айдан астам уақыт өтіпті. Оларға басшылық қала сыртындағы базарға барып сауда жасаңдар деген екен. Алайда жертөледе ісін дөңгелеткендер ешкім бармайтын жерде қалай нан табамыз деп шырылдайды.

"Үкіметтен ақша сұрап жатқан жоқпыз. Ешкімге біз қол жайып барып жатқан жоқпыз. Сондықтан Байбек мырзадан сұрайтынымыз бізді қабылдасын, өтінішімізді тыңдаса екен", - дейді кәсіпкер Сәкен Нұрлыбаев.

Ал шаһар әкімі бұл шағымнан хабардар екен. Бірақ, ол «базарға барсын» деген тоқетер сөзінен тайынбай отыр. Жағдайға араша түсер, бәлкім түсінер деген үмітпен сатушылар енді Нұр Отаннан көмек сұрап барды. Олар халық партиясынан әкіммен кездесуге септесулерін өтінуде.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Сіздің реакцияңыз
2
2
0
7
3
3
6
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel